Мақаланы жіберу

Материалды қабылдау тәртібі

«Қазақстан археологиясы» журналына жариялауға мақаланы қарастыру үшін материалдарды қабылдау бірыңғай кесте бойынша жүргізіледі

№1 (наурыз) – 1 желтоқсанға дейін
№2 (маусым) – ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін
№3 (қыркүйек) – ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін
№4 (желтоқсан) – ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін.

Редакцияға көрсетілген мерзімнен кейін келіп түскендері журналдың келесі санында жариялануы мүмкін. Материалдың кезекті санға келіп түскен күні ретінде мақаланың соңғы нұсқасын редакциялық алқа жариялауға қабылдаған күннен есептелінеді.

Авторлар материалдар кешенін ұсыну қажеттіліктерін сақтаулары тиіс:

1. Авторлармен келісім-хат міндетті түрде толтырылады және автордың журналда жариялау шарттарымен келісімі болып табылады. Келісім құжаты осында қолжетімді түрде берілген. Келісім-хатсыз материал редакцияның қарауына қабылданбайды;
2. Мәтін түйіндемесімен бірге электронды түрде;
3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
4. Иллюстрациялық материал: суреттер, фотографиялар, таблицалар/ диаграммалар оларды құруға пайдаланылған бастапқы файлдармен.

Журнал Института Археологии