Мақалаға пікір білдіру тәртібі

Авторлар материалдың редакцияға келіп түскендігі туралы растау алады (электронды почта арқылы). «Қазақстан археологиясы» журналының редакциясына келіп түскен барлық ғылыми мақалалардың қолжазбасы (бұдан әрі – мақалалар) және ережелерге сай рәсімделгендері міндетті түрде ғылыми пікір беруге жіберіледі. Пікір беруді редакциялық алқа мүшелері жүргізеді, сыртқы пікір қажет болған жағдайда оның құрамына кірмейтін жетекші мамандарға жіберіледі.

1. Редактор мақалалардың журналдың бейініне, рәсімдеу талаптарына сәйкестігін анықтайды, содан кейін тақырып бойынша соңғы 3 жылда жарияланған мақалалары бар маманға (ғылым докторы немесе кандидаты) пікір беруге жібереді. Пікір беру жасырын жүреді. Мақала қолжазбасының авторымен(ларымен) өзара келіспеушілігі бар сарапшылар пікір беруші ретінде бекітілмейді. Журнал редакциясы пікір беруші қорытындысының объективті болуын қамтамасыз етеді.

Редакциялық алқа пікір берудің түрін таңдайды: а) ішкі – қолжазбаға пікірді редакциялық алқа мүшелері береді; б) сыртқы – қолжазбаны ғылымның сәйкес салаларының жетекші мамандарына пікір беруге жіберу. Редакция өзіне қойылған талаптарға және журнал тақырыбына сай келмейтін мақалаларды қайтару құқығын қалдырады.

2. Пікір беру мерзімі бір айдан астам уақытты алады. Редакция авторға берілген пікірдің қорытындысына қарай қолжазбаның қабылданғаны немесе кері қайтарылғаны, қайта өңдеу қажеттілігі туралы электронды почта арқылы хабарлайды.

3. Пікірде бірқатар талаптарды сақтау көрсетіледі:

а) мақала мазмұны мен оның тақырыбында көрсетілген атауына сәйкес келуі;

б) ғылымның соңғы жетістіктеріне сай болуы;

в) оқырмандарға стилі жағынан, материалдың, таблицалардың, диаграммалардың, суреттердің орналасуы ұғымды болуы;

г) қолжазбаны жариялау тақырып бойынша алдыңғы шыққан мақалаларды есептегенде ойға қонымды болуы;

д) жағымды жақтарының басым болуы, мақаланың кемшіліктерін анықтау, қолжазбаны түзету мен өңдеуге ұсыныстар беру.

4. Пікір беру жасырын түрде жүргізіледі. Пікір беруші пікір бланкісінің/үлгісінің барлық пункттерін толтырады. Пікірде редакциялық алқа үшін қорытынды беріледі («Редакциялық алқаға мақаланы журналда жариялауға ұсынамын…», «ұсынбаймын …») және оның авторы қолын қойып, мерзімін көрсетеді. Оның қолы автор жұмыс істейтін мекеменің мөрімен расталады.

Мақаланың алдағы тағдыры туралы негіздеумен берілген ұсыныстарда мыналар көрсетілуі мүмкін:

– мақала осы күйінде жариялауға ұсынылады;
– мақала көрсетілген кемшіліктерді түзеткеннен кейін ғана жариялауға ұсынылуы мүмкін;
– мақала қосымша басқа маманның пікір беруін қажет етеді;
– мақаланы журналда жариялауға болмайды.

5. Пікірдің мазмұны авторға/авторларға бас редактордың қолы қойылған электронды хат арқылы жеткізіледі. Құпиялылық пікір берушінің автормен байланысқа түскен жағдайда, пікір берушінің автормен әңгімелесуі барысында мақаланы түзету туралы шешім қабылдауы, сондай-ақ мақалада жазылған материалдардың плагиат немесе бұрмалануы туралы пікір берушінің мәлімдеуі кезінде бұзылуы мүмкін.

6. Егер пікірде мақаланы жөндеу мен түзету керектігі айтылса, онда мақаланың жаңа нұсқасын дайындауда оларды ескеру немесе дәйектеу арқылы теріске шығару үшін пікірдің мәтіні авторға жіберіледі. Мақаланы түзету мерзімі – бір ай. Мақаланы қайта түзетуден бас тартқан жағдайда авторлар өзінің шешімі туралы редакцияға хабарлауы керек. Егер авторлар жөнделген нұсқаны пікір жіберілген күннен бастап үш ай мерзім ішінде кері қайтармаса, онда редакция оны жариялау жоспарынан алып тастайды. Авторларға жөндеуге берілген мерзімнің аяқталуына байланысты қолжазбаның есептен шығарылғандығы туралы хабар беріледі.

7. Мақала кері қайтарылған жағдайда авторға дәлелді қабыл алмауды және теріс пікірді жібереді. Пікір беруші жариялауға ұсыныс бермеген мақала қарауға қайта қабылданбайды.

8. Редакциялық алқа мақаланы жариялауға жіберу жөнінде шешім қабылдағаннан кейін, авторға қабылданған шешім мен жарияланымның мерзімі туралы хабарланады.

9. Пікірдің түпнұсқасы редакциялық алқада немесе редакцияда бес жылға дейін сақталынады.

Журнал Института Археологии