Қолжазбаны рәсімдеу ережелері

Құрметті әріптестер!

Сізердің назарларыңызға «Қазақстан архееологиясы» журналы үшін берілетін материалды рәсімдеудің талаптарын ұсынамыз. Мақала қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады. Әрбір мақала негізгі мәтін тіліндегі түйін және түйін сөздермен қамтылады. Сондай-ақ, егер мақала қазақ тілінде болса, онда соған сәйкес орыс және ағылшын тілдерінде, ал орыс тілінде болса – қазақ және ағылшын тілдерінде, ағылшын тілінде берілген материалға қазақ және орыс тілдерінде қоса беріледі. Авторлар туралы мәліметтер үш тілде көрсетіледі. Мақалада әдебиеттер тізімі және References, яғни әдебиеттер тізіміндегі атаулар латинацада жасалады. Жақшада аудармасы ағылшын тілінде беріледі.

Мақала төлтума болуы қажет және бұрын жарияланған мақалаларды қайталау болмайды. Иллюстрациялар сапалы, жақсы ажыратылатын (300 dpi –ден кем емес). Мәтінді және иллюстрацияларды рәсімдеу нұсқауларымен танысуларыңызды өтінеміз (төменге қараңыз).

Журналда мынандай бөлімдердің болуы қарастырылады: «Зерттеулер мен жарияланымдар»; «Пікірталас»; «Сын және библиография»; «Хабар».

Басылымның техникалық сипаттамасы: форматы 70×108 1/16; толықтүсті; жылтыр қағаз; мұқабасы жұқа.

Редакция алқасы дұрыс рәсімделмеген материалды керу қайтару құқығына ие бола алады.

Материалдарды редакцияның мына мекен-жайына жолдауларыңызды сұраймыз: arch.kaz@archaeolog.kz

Мақаланы рәсімдеу үлгісі:

ӘОЖ

АСТАНАНЫҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТАРИХЫНДАҒЫ БОЗОҚ ҚАЛАСЫ

© 2018 г. М.К. Хабдулина

Мақала жазылған тілдегі түйін мөлшері 150–200 сөз

Түйін сөздер аймақты, хронологияны, тақырыпты, арнайы терминологияны қамтитын 10–15 сөзден тұрады.

Мәтін

Мәтіннің көлемін құрайтындар:

«Зерттеулер мен жарияланымдар» бөлімі үшін 15-40 мың белгі (ашық орындармен), онда таблицалар, әдебиеттер тізімімен, сурет асты жазуларымен және түйінді қоса есептегенде. Мақалада 8-10-нан аспайтын иллюстрациялар болуы қажет.

«Пікірталас» бөлімі үшін – 5–15 мың белгі. Мақалаға 5–8-ден аспайтын иллюстрациялар беріледі.

«Сын және библиография» – 15–20 мың белгі және 1 иллюстрация. Қандай да бір ғалымның еңбектерінің библиографиясын жасау үшін тек маңызды негізгі еңбектерін көрсету қажет (20–25 жұмыстан аспайтын).

«Хабар» бөлімі үшін – 15 мың белгі және 2–3 иллюстрация.

Мәтіндегі әдебиеттер мен дереккөздерге библиографиялық сілтемелер квадрат жақшада беріледі: автордың тегі аты-жөні көрсетілмей беріледі (біртектілердің жұмысынан басқасы) немесе қысқартылған атауы (егер басылымның авторы болмаса), шыққан жылы үтір арқылы беріліп, бетке, суретке және т.б. сілтеме жасалынады [Марғұлан, 1948, 3-б.; Ақышев К.А., 1978; Ақышев К.А., Ақышев А.К., 1997, 35-б.].

Суреттерге сілтеме дөңгелек жақшамен, заттың орналасуы көлбеумен беріледі: сур. 1, 2; 2, 1). Суреттердің немесе таблицалардың көлемі мақаланың 1/3 мөлшерінен артпауы керек.

Мыналарды: табуляция құруға, сөздерді сиректетуге (сөз арасында, белгілер арасында тек бір ашық жол болуы қажет); жаңа жолдан бастау бөлініп көрсетіледі, автоматты жүйедегі командаларды (әдебиетке сілтеме қою, гиперсілтемелер мен ескертулер, таңбалау және жаңа жолдарды нөмірлеу және т.б.) пайдалануға; макростарды қолдануға, мәтінді үлгі түрінде және «тек оқу үшін» қойылымында сақтауға; мәтінді пішімдеуге және мәжбүрлі тасымал жасауға болмайды. Көрсетілген өлшем бірліктері СИ – Халықаралық бірліктер жүйесіне сәйкес болуы қажет.

Әдебиеттер тізімі әліпбилік тәртіппен (автордың аты-жөні, жұмыстың атауы, орны, баспасы, шыққан жылы, беттері) түпнұсқа тілінде беріледі. Алғашында кириллицада, содан кейін латинацада (ағылшын, неміс, француз және т.б) беріледі. Библиографиялық тізімді шұбыртпалы жасаудың (50-ге жуық) қажеті жоқ, автордың (авторлардың) өз жұмыстарына сілтеме 25%-ды ғана құрауы керек. Мәтіннің соңында қысқартулар тізімі көрсетілуі қажет.

Сілтеме түрі Мәтіндегі сілтеме Әдебиеттер тізіміндегі сілтеме
Монография [Ақышев К.А., 1978] Акишев К.А. Курган Иссык: Искусство саков Казахстана. М.: Искусство, 1978. 132 с.
Сериядағы монография [Плетнева, 1967] Плетнева С.А. От кочевий к городам / МИА. № 142. М.: Наука, 1967. 198 с.
Ұжымдық монографияның тарауы [Кадырбаев, 1966] Кадырбаев М.К. Памятники тасмолинской культуры // Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата: Наука, 1966. С. 303–433.

Мерзімді басылымдардағы мақала [Ермоленко и др., 2015] Ермоленко Л.Н., Курманкулов Ж.К., Касенова А.Д. Новые данные о специфической разновидности изваяний сакской эпохи // Вестник КемГУ. 2015. № 1 (61). Т. 3. С. 26–32.
Электронды журналдағы мақала [Бейсенов, 2017] Бейсенов А.З. Сарыарка – земля древней культуры // Электронный научный журнал «edu.e-history.kz». 2017. № 1 (13). URL: http: // edu.e-history.kz/ru/publications/view/717 (дата обращения: 03.12.2019)
Жинақтағы мақала [Бейсенов, 2017] Бейсенов А.З. Курганы с «усами» Центрального Казахстана // Археологическое наследие Центрального Казахстана: изучение и сохранение: сб. научн. ст., посвящ. 70-летию организации Центрально-Казахстанской археологической экспедиции Академии наук Казахстана / Отв. ред. А.З. Бейсенов. Алматы: НИЦИА «Бегазы-Тасмола», 2017. Т. 2. С. 31–37.
Архив материалдарына сілтеме Ссылка на архивные материалы [«Ғылым ордасы» ҒА, 11-қ., 1-т., 7б-іс, 1-п.] Объяснительная записка к плану сектора археологии // «Ғылым ордасы» Ғылым академиясы, 11-қ., 1-т., 7б-іс, 5-п.
Конференция материалдары [Байтанаев, 2018] Байтанаев Б.А. Духовная модернизация и сакральная география Казахстана // Маргулановские чтения–2018. Духовная модернизация и археологическое наследие: сб. матер. Междунар. науч.-практ. конф. (г. Актобе, 19–20 апреля 2018 г.) / Отв. ред. Б.А. Байтанаев. Актобе–Алматы, 2018. С. 15–17.
Сын-пікір [Кадырбаев, 1966] Кадырбаев М.К. Рец. на: С.С. Черников. Загадка золотого кургана. М.: Наука, 1965 // Изв. АН КазССР. 1966. № 3. С. 79–82.
Далалық есеп [Калиева, 1992] Калиева С.С. Стационарные работы на территории Аркалыкской сельхозопытной станции. В: Отчет о полевых исследованиях Тургайской археологической экспедиции на территории Тургайской области в полевом сезоне 1992 г. // ҚР БҒМ ҒК АИ архиві, 2-қ., 2-т., 2409-іс.
Диссертация авторефераты [Джумабекова, 2008] Джумабекова Г.С. Клады металлических изделий как исторический источник (конец II – I тыс. до н. э.): автореф. дис. … канд. ист. наук. Алматы, 2008. 24 с.
Диссертация [Кадырбаев, 1959] Кадырбаев М.К. Памятники кочевых племен Центрального Казахстана (VII в. до н. э. – VI в. н. э.): дис. … канд. ист. наук. Л., 1959. 177 с. // Архив ИИМК РАН, ф. 35, оп. 2-Д, д. № 83.

Әдебиеттер тізімінен кейін үлгі бойынша автор туралы мәлімет беріледі:

Хабдулина Марал Калымжанқызы – тарих ғылымдарының кандидаты, директор Л.Н. Гумилев атынд. ЕҰУ жанындағы К.А. Ақышев атынд. ҒЗИ (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан); m_habdulina@rambler.ru

Мәтін мен иллюстрацияларды рәсімдеу жөніндегі нұсқаулық

Авторлық мәтін Word бағдарламасында теріліп және беттеуге де солай берілуі қажет. Вордтық файлды кеңейтілген *.docWord 97-2003 (түрі) сақтау керек. (*.docxWord 2007-2010 -да соңғы “х” әрпінсіз қайта сақталады.

Егер таблицалар Excel 2007 немесе 2010-да жасалса, онда оларды да алдыңғы Excel 97-2003 нұсқасында беттеуге беріңіздер (яғни *.xlsx файлын соңғы “х” әрпінсіз — *.xls қайта сақтаңыздар).

Вордта мәтінді жеке фреймда (рамкада) орналастыру мүмкіндігі бар. Мысалға, ойымды белгілеу үшін. Сондықтан оны қолданбауларыңызды өтінеміз. Мәтінді беттеу бағдарламасына салу барысында ол фреймалар жоғалып кетеді. Оны қалпына келтіруге біраз уақыт кетеді. Ең бастысы, қолжазбада өзіңізге қажетті мәтінді ерекшелеуді (көлбеу, жартылай қалың, көлбеу жартылай қалың) жасаңыздар, бөлімдерді түсінікті бөліп, тақырып иеархиясын, эпиграфтарды, қосымша мәтіндерді, тізімдерді, ойымдарды, иллюстрациялар үшін орынды көрсетулеріңіз қажет.

Егер түстерге код беру қажет болса, онда мәтіннің (қаріптің) түсін өзгертіңіз, бірақ оны маркер арқылы «көтермеңіз». Таблицаны тармақты боямай теріңіз.

Тасымалдауды беттеу бағдарламасы өзі жасайтындықтан, вордта терілген мәтінде тасымалдауды қолданбаңыз.

Жаңа жолды бастауда тек Enter клавиштерін қолданыңыздар. Сөздер аралығындағы ашық жолдар санын қадағалауларыңызды сұраймыз. Ол бірден артпауы керек.

Кескіндемелер файлдары (файлдың атауы мен нөмірі мәтіндегі иллюстрацияларға берілетін жазбаға сәйкес болуы керек) жеке беріледі. Мәтіндегі олардың қойылатын орны және өлшемі де нақты көрсетілуі қажет (мысалға толық бір бетке, 1/2 немесе 1/3 бетке және т.б.).

*.png немесе *.gif кеңейтілген файлдар — бұлардың web-форматының сапасы төмен, басып шығаруға өте «жеңіл». web-парақшаларда қолданылады.

Стандартты растрлық кескінді дайындауға не кіреді:

260–300 ppi (bitmap — 600/1200 ppi) тұнықтығы

Соңғы беттемеде H×W mm мөлшері

cmyk / grayscale / bitmap түсті үлгісі

‘path’; альфа-каналдарының сұлбасы алынып тасталуы керек

Түс тереңдігі 8 bit. Сақтау кезінде түстік кескін қосылмайды. Ақырғы файлдық формат tif, барлық қабаттар қиыстырылады (flatten).

Әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісі

ӘДЕБИЕТ

1. Арсланова Ф. Жоғарғы Ертіс өңірінің ортағысырлық археологиясының очерктері. Қазақстан археологиясы. Деректер мен зерттеулер. ІІІ-т. / жалпы ред. басқарушы З. Самашев; құраст. Б. Хасенова. Астана: Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының филиалы, 2013. 405 б. (қазақша, орысша, ағылшынша).

2. Байтанаев Б.Ә. Бас редактордан // Қазақстан археологиясы. 2018. № 1–2. 11-15-бб.

3. Бейсенов А.З. Кемал Ақышев және көне дәуір археологиясының мәселелері (алғы сөз) // Сарыарқа сақтары мәдениеті далалық Еуразиядағы этноәлеуметтік және мәдени үдерістерді зерттеу аясында: археолог К. Ақышевты еске алуға арналған ғылыми мақалалар жинағы / жауапты ред. А.З. Бейсенов. Алматы: «Беғазы-Тасмола» ТАҒЗО, 2015. 5-7-бб.

4. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар: ғылыми-зерттеу мақалалар / құраст. және арнаулы ред. Бердібаев Р. Алматы: Жазушы, 1985. 368 б.

5. Онғар А., Чотбаев А., Қиясбек Ғ. Ақпан 1 үйігіндегі зерттеулердің алғашқы нәтижелері // Кадырбаевские чтения-2012: матер. Междунар. науч. конф. (г. Актобе, 14–15 ноября 2012 г.) / науч. ред. А.А. Бисембаев. Актобе, 2012. С. 194-201.

REFERENCES

1. Arslanova, F. 2013. Zhogargy Ertіs onіrіnіn ortagasyrlyk arheologiyasynyn ocherkterі (The sketches of medieval archaeology of the Upper Irtysh). Samashev, Z. (ed.), Khasenova, B. (compl.). Astana: the branch of the A.Kh. Margulan Institute of Archeology Publ. (in Kazakh, Russian, English).

2. Baitanayev, B. A. 2018. In Kazakhstan archeology, 1–2, 11-15 (in Russian).

3. Beisenov, A. Z. 2015. In Beisenov, A. Z. (ed.) Saryarka saktary madenietі dalalyk Euraziyadagy etnoaleumettіk jane madeni uderіsterdі zertteu ayasynda (Sak culture of Saryarka in the context of the study of ethnic and sociocultural processes of steppe Eurasia). Almaty: «Begazy-Tasmola» Publ., 5-7 (in Kazakh).

4. Margulan, A. 1985. Ejelgі zhyr, anyzdar: gylymi-zertteu makalalar (Ancient Epic Tales: Scientific Research) / compl. and ed. Berdіbayev R. Almaty: “Jazushy” Publ. (in Kazakh).

5. Ongar, A., Chotbayev, A., Kiyasbek, G. 2012. In Bisembayev, A. A. (ed.). Kadyrbaevskie chteniya-2012 (Kadyrbayev readings-2012). Aktobe, 194-201 (in Kazakh).

Журнал Института Археологии