Жарияланымдық этика

– Жарияланымға бұрындары жарияланған немесе басқа басылымға қабылданған мақалалар қабылданбайды;

– «Қазақстан археологиясы» журналы ұрлануы мүмкін деген мақалаларды баспайды;

– Қолжазбаны қабылдау немесе кері қайтаруға қоятын редакцияның басты талабы тапсырылған жұмыстың анықтығы және ғылыми маңыздылығы, оның журнал тақырыбына сәйкестігі, түпнұсқалылығы, баяндаудың түсінікті болуы және зерттеудің маңызды болуы;

– Редакция авторларды жынысына, жасына, нәсіліне, дініне, азаматтығына, әлеуметтік жағдайына, саяси көзқарасына немесе басқа да белгілеріне қарай кемсітуге жол бермеуге міндеттенеді;

– Редакция мақалаларды қабылдау, өңдеу және пікірге жіберу барысында құпиялылықтың сақталуына кепілдік береді. Жарияланбаған мақалалар жеке мақсатқа қолданылмайды немесе пікір беруші мен редакция қызметкерлерінен басқа үшінші жаққа берілмейді;

– Редакция жарияланатын қолжазбаның толық берілуін сақтайды, мәтінге түзету енгізу, өзгерту немесе қысқарту қажет болғанда автормен келісім жасайды;

– Редакция қарастырылған қолжазбаға немесе жарияланған материалға түскен кінәрат-талаптарды қарауға кепілдік береді. Дау-жанжал туа қалған жағдайда бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге барлық шаралар жасалынады;

– Редакция баспамен бірлесе отырып басылым бетінде жіберілген қателіктерді мойындауға және оларды анықтау барысында түзетуге, нақтылауға, жалған екенін мәлімдеуге және кешірім өтінуге кепілдік береді.

– Жарияланған материалдар туралы редакция мен авторлардың көзқарасы мен пікірлері үнемі түйісе бермейді.

Ғылыми жарияланымдарға сын-пікір беру этикасы

– Пікір беру үрдісі объективті, коммерциялық қызығушылық танытулардан тәуелсіз және конъюнктуралық тұтынушылық сипат алмайды. Басымдылығы – зерттеудің ғылыми құндылығы, оның мазмұндылығы мен жаңашылдылығы, ғылыми этикаға сәйкестілігі;

– Берілген материалдарға сын-пікір беру үрдісі құпиялылық сипатта жүреді. Жарияланбаған материалдарды редакцияның, редакторлардың немесе сын-пікір берушілердің жеке өз қызығушылығына пайдалануына жол берілмейді;

– Пікір беруші жаияланымға берілген материалдар мен зерттеулер қорытындысы бойынша объективті, дәлелді, негізделген баға беруге міндетті; Автордың жеке басын сынауға жол берілмейді;

– Қолжазба авторы теріс пікір алған жағдайда оны жасырын түрде алады, егерде берілген материалдың негізделмеуі немесе бұрмалаушылықтары, плагиат анықталған жағдайдаларды есептемегенде;

– Пікір беруші қорытынды ретінде қолжазбаны бағалау өлшемдері берілген арнайы бланкіні толтырады. Пікірдің қорытынды бөлімінде қолжазбаның бағасы, ескертулер мен ұсыныстар беріледі.

– Пікір беруші қолжазбаны бағалауға біліктілігі жетпейтін болса, немесе объективті баға бере амайтын жағдайда редакторға хабар беруге тиісті;

– Қолжазбаға жағымды пікір алғаннан кейін ғана оны жариялауға жіберуге болатындығы туралы соңғы шешімді редакциялық алқа қабылдайды.

Ғылыми жарияланым авторларының этикасы

– Автор мақаланың мазмұны үшін толық жауап береді;

– Автор ұсынған қолжазбада зерттеулердің дәйекті нәтижелері болуы шарт;

– Автор жарияланымға жіберілген қолжазбаның түпнұсқалығына және осыған дейін толық немесе жартылай еш жерде жарияланбағандығына, басқа баспаға берілмегендігіне, басылымдарда сол мақаланың өзгертілген нұсқасының жоқтығына кепілдік береді;

– Автор «Қазақстан археологиясы» журналында жарияланған мақаласын басқа басылымға ұсына алмайды;

– Плагиатқа жол берілмейді. Мақаланы жазу мен рәсімдеу кезінде автор мен түпдереккөздерге сілтеме жасалынуы қажет. Үшінші жақтан алынған мәліметтер үшін түпдереккөз берушіден жазбаша түрде рұқсат алынғаннан кейін ғана жарияланады. Автор шектен тыс өзгенің пікірін көшіріп алуға, өзгертіп беруге немесе өзгелердің зерттеулері нәтижелерінің құқығын иеленуіне болмайды;

– Автор кез-келген жағдайда орын алған жанжалдар және қаржыландыру көздері туралы редакторға хабарлауға міндетті;

– Қолжазбаның авторлар тізімінде зерттеудің жүзеге асырылуына және алынған мәліметтерді баяндауға барынша үлес қосқан адамдар толық көрсетіледі. Мақаланың соңғы нұсқасы барлық авторлармен келісілуі қажет;

– Қолжазбаны пікірге жібергеннен кейін немесе жарияланған жұмыста қате табылған жағдайда автор ол туралы редакцияға қатені жөндеу немесе жұмысты алып тастау мақсатында хабарласуы қажет;

– Пікір берушінің ескертулері мен ұсыныстарын жедел жауап беру үшін қолжазбаны пікірге жіберу кезінде автор журнал редакциясымен тығыз байланыста болуы шарт. Пікір білдірушінің бағасымен келіспеген жағдайда автор редакторға дәлелді қарсы жауаптарын жіберуіне болады. Пікір білдірушінің ескертулерін жөндеу мен ұсыныстарын орындауға сын-пікірдің мәтінін авторға жіберген күннен бастап бір ай мерзім беріледі;

– Авторлар әріптестерінің атына сын білдірген жағдайда ғылыми этика мен әдептілікті сақтаулары керек;

– Автор басып шығарушыға мақаланы басуға және Интернет жүйесінде ашық қолжетімді түрде орналастыруға өтеусіз құқық береді;

– ҚР заңнамаларына сәйкес қолжазба авторы ғылыми шығарманы «Қазақстан археологиясы» журналында баспа нұсқасын шектеулі тиражбен – тиісті санның 200 данасында, мақала немесе журналдың электрондық нұсқасында шығу мерзіміне шек қойылмастан қайта шығару құқығын береді; жеке шығарма ретінде және/немесе журналдың құрамында кез-келген тасымалдауда әлем бойынша еркін тарату құқығын береді; тарату және жалпы мәліметтерге жеткізу жолдары арқылы мақаланың метамәліметтерін сақтау, өңдеу және пайдалану, өңдеу мен жүйелеу, сондай-ақ әртүрлі мәліметтер базасы мен ақпараттық жүйеге енгізу, оның ішінде шектеулі (ақылы) қолжетімділік құқығын бере алады;

– Автор редакция дайындаған және жарияланған материалдарды жариялау үшін жіберу ережелерін сақтауға, жарияланым шарттарын толық және сөзсіз қабылдауға тиісті;

– Авторлар материалдың редакцияға келіп түскендігі жайлы электронды почтада растау алады;

– Автор мақаланы қайта басып шығарған жағдайда материалдың алғаш қайда жарияланғандығын көрсете отырып, «Қазақстан археологиясы» журналының ерекше құқықтарын бұзбауы қажет;

– Баспа мақаланы шет тілінен қазақ не орыс тіліне аударған жағдайда, автор мақаланың түпнұсқасын еркін пайдалануға және басқа басылымдарда жариялауға еркі бар, тек «Қазақстан археологиясы» журналында мақаланың қазақ/орыс тілдерінде шыққаннан кейін ғана, оның алғашқы басылған орны мен тілін көрсетуі керек;

– Автор журналда жарияланған материалдың электронды көшірмесін интернет-ресурстарда орналастыру үшін оның алғашқы жарияланған орнын міндетті түрде көрсеткен жағдайда оған шектеу қойылмайды;

«Қазақстан археологиясы» журналы мақалаларды өткізу, өңдеу және жариялағаны үшін төлемақы алмайды.

Журнал Института Археологии